Чехия президенті бекіткен Үкіметтің жаңа құрамы жұмысын бастады

Билік өзінің бірінші отырысында елде енгізілген төтенше жағдай режимнің мерзімін ұзартудан бас тартты.

Премьер-министр Петр Фиаланың айтуынша, министрлер кабинеті коронавируспен күресті күшейтетін болады. Алайда төтенше жағдай тек эпидахуал нашарлаған күнде ғана жарияланбақ. Осылайша желтоқсанның 26-сында аймақтағы барлық мейрамханалар мен өзге де қоғамдық орындар жұмысын қайта жандандыратын болады.

Айта кетейік, таяуда министрлер кабинетінің жаңа мүшелері, президент сарайында ант берді. Қазіргі Үкіметке 4 партияның өкілдері сайланды.