Түркияда арзан тауар үшін кезек көбейді

Түрік ақшасы күннен күнге құнсызданып барады.

Осы сәтті пайдаланып, елге туристер ағыла бастады. Олардың дені арзан тауар алуға келгендер. Мысалға ел іргесіндегі Болгария мен Грекиядан келгендер киім-кешек пен тұрмыстық техниканы молынан сатып алып жатыр. Олар тіпті Эдирне қаласына жету үшін 20 шақырым жерді жаяу жүріп өтеді. Қазір Түркияның ұлттық валютасы 1 долларға шаққанда 16 лираға дейін құлдырады. Сол себепті бұл елге келгендер керегін арзанға оңай тауып алады. Тақауда Ыстамбұл биржасы саудасын тоқтатты. Ал елдің орталық банкі интер-венция жүргізгенмен, лираның құлдырауына тосқауыл қоя алмай отыр.

Сондай-ақ...