Қазандағы қанды қырғын: қылмыскерге қандай жаза тағайындалды

Қазан қаласындағы мектеп гимназияда қанды қырғын жасаған Ильназ Галявиев кінәсін мойындады, деп хабарлайды Хабар 24.

Жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатта ол «жасаған әрекетіне өкінетінін» айтып, марқұмдардың отбасынан кешірім сұрады. Сондай-ақ бұл қылмысқа жалғыз өзі барғанын ешкім көмек көрсетіп ықпал етпегенін мәлімдеді. Тергеушілердің пайымынша ол интернеттегі бір кейіпкерге еліктеген болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 19 жастағы Ильназ Галявиев 11 мамыр күні Қазандағы №175 мектеп гимназияға келіп, көпшілікке оқ жаудырған. Салдарынан 9 адам қаза тапты. Оның жетеуі кәмелеттік жасқа толмаған бала. 24 адам жараланды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.