434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Германия Ұлыбританияны «коронавирустық мутация аймағы» деп жариялады

  • 106
  • UPD: 22:30, 19.12.2021
Германия Ұлыбританияны «коронавирустық мутация аймағы» деп жариялады

Германия Ұлыбританияны «коронавирустық мутация аймағы» деп жариялады және азаматтардың осы елге сапарларын шектеді.

Тұманды Альбионнан келген барлық адамдар екі апталық карантиннен өтуі тиіс. COVID-19 бойынша қауіпті аймақтар бойынша Германия Үкіметінің тізімінде «омикрон» штамы табылған тағы бірнеше Африка мемлекеті бар.

Еуропа мемлекеттері «омикрон» штамының таралуына қарсы қорғаныш шараларын күшейтуге тырысуда. Бүгіннен бастап Нидерланды қатаң локдаун енгізді. Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Марк Рютте шектеулердің 14 қаңтарға дейін қолданылатынын айтты. «Омикрон» біз ойлағаннан да тезірек таралды», – деді саясаткер баспасөз мәслихатында. Азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын дүкендер мен дәріханаларды қоспағанда мейрамханалар, барлар, театрлар, мұражайлар, дүкендер жабылады. Бұған дейін Нидерланды билігі оқушыларды рождестволық демалыстарға жіберу туралы жариялаған болатын.

 

 

Хабар 24 телеарнасы