Э. Фаучи: Омикрон дельтаны басып озуы мүмкін

Омикрон штамы таралу қарқыны бойынша дельтаны басып озуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың жетекші вирусологы Энтони Фаучи мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Айтуынша, қазірдің өзінде елдің кейбір аудандарында ауырғандардың жартысына жуығы жаңа штамды жұқтырғандар. Эпидахуалдың ушығуына  қолайсыз ауа райы да әсер етуде. Салдарынан рождестволық қойылымдар кейінге шегеріліп, оқу орындары онлайн форматқа ауысуда. Осы уақытқа дейін амеркиалықтардың 30 процентке жуығы ғана бустер дозасын алып үлгерді.

Естеріңізге салайық, ДСҰ-ның мәліметі бойынша жаңа штам қазірдің өзінде әлемнің 89 елінен табылды.

Френсис Коллинс, АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау институтының директоры:

– Ковидтің бұл түрі өте жылдам таралады. Омикрон 57 рет мутацияланған және бұрын-соңды болмаған штамм. Сондықтан тұрғындар маска тағып, вакциналануы тиіс. Вирусты осылай ғана жеңе аламыз. Егер адамдар екпеге немқұрайлы қараса, алдағы айда жағдай қиындауы мүмкін.