Ауғанстанда төлқұжат бөлімі қайта жұмыс істей бастады

Ауғанстанда тәліптер төлқұжат бөлімін қайта ашып, ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі шетелге шығуға арналған құжатты алуға асыққан азаматтар қарасы көп. Бірақ ресми өкілдердің хабарлауынша, қазір тек бұрын өтініш бергендердің құжаттары қарастырылмақ. Ал жаңа өтінімдер қаңтардың 10-ынан бастап қабылданады.

Айта кетейік, Ауғанстанда биыл тамыз айында тәліптер билікті басып алған соң төлқұжат бөлімі жабылып қалған еді. Радикалды қозғалыс қазан айында мекемені ашқанымен техникалық мәселелерге байланысты қызмет көрсете алмаған. 

Мохаммад Мехди, тұрғын:

– Мекемеде төлқұжатын алам деген азаматтар көп. Қызмет сапасы жоғары деп айтуға келмейді. Бірақ басқа таңдау жоқ қой. Сондықтан кезекте тұрып, барлық қиындықтарға төзуге мәжбүрміз.