Үндістан Foxconn компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты

Үндістанның Ченнаи қаласында Foxconn технологиялық компаниясының қызметкерлері мен олардың туыстары наразылық танытты, деп хабарлайды Хабар 24.

Халық наразылығына өткен аптада компанияның 150-ге жуық жұмысшысының улануы себеп болды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша жатақханада тұратын қызметкерлер тамақтан уланған. Жиналғандар Ченнаи-Бангалор тас жолын жауып, биліктен айыптыларға әділ жаза қолдануды талап етті. Ал жуырда WhatsApp месенджері арқылы уланған екі адамның қаза тапқаны жайлы жалған ақпарат тараған болатын.  Бұл наразылардың ашуға бой алдыруына тағы бір себеп болды.

Айта кетейік, қазір науқастардың барлығы ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ...