Нью-Йоркте коронавирусты жұқтырғандар саны артты

Нью-Йорк қаласында коронавирусты жұқтырғандар саны қайта көбейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы бір аптада алып шаһарда 5 мың 700-ден астам тұрғын дертке шалдықққан. Бұл туралы қала мэрі Билл де Блазио мәлім етті. Осыған байланысты шаһар басшысы тұрғындарды вакцина салдыруға шақырып, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге кеңес берді.

Айта кетейік, Нью-Йоркте қазірге дейін коронавирусқа қарсы қала халқының 71 проценті толық егілген.