Бразилиядан келетін сиыр етіне бойкот жарияланды

Еуропаның ірі супермаркеттер желісі Бразилиядан келген сиыр етіне бойкот жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Оған Амазониядағы ормандардың заңсыз оталуы себеп. Жуырда Бразилиядағы үкіметтік емес ұйымдардың бірі жүргізген зерттеуінің нәтижесін жария етті. Оған сәйкес етке өткізілетін ірі қара мал заңсыз шабылған орман алқаптарында өсіріліп отырған. Алайда ет өңдеумен айналысатын компаниялар мұның бәрін жоққа шығарды. Олар шикізат жеткізушілер жіті тексеріледі дейді.

Айта кеткен жөн, 2019 жылы Бразилия әлемде сиыр етінің ең ірі экспорттаушысы деп танылған. Жалпы түрлі экологиялық ұйымдар бұл жағдайға Бразилия президенті жауапты дегеннен таймай отыр.

Айтуларынша, ол билік басына келген 3 жылдай уақыт ішінде Амазонияда ормандардың заңсыз оталу қарқыны 88 процентке артқан.