Омикрон Давос форумына кедергі келтірді

Омикрон штамына байланысты Дүниежүзілік Давос экономикалық форумы кейінге қалды. Бұл туралы шара ұйымдастырушылары хабарлады.

Жиын қаңтар айында өтуі тиіс еді. Енді халықаралық форум жазға қалды. Коронавирус салдарынан аталған шара осымен екінші жыл қатарынан кейінге шегеріліп отыр.