435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түрік лирасы 30% қымбаттады

  • 139
  • UPD: 09:53, 21.12.2021
Түрік лирасы 30% қымбаттады

Түрік лирасы тарихи құлдыраудан кейін қайта қалпына келе бастады. Бұған президент Ердоғанның ел экономикасына қатысты мәлімдемесі түрткі болды.

Кеше таңертең ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 18,3-ге дейін төмендеп, ел президентінің үндеуінен кейін бірден 13 жарым лираға қымбаттаған. Ердоғанның айтуынша, азаматтарға жаңа қаржылық балама ұсынылады. Азаматтарға депозиттегі салымды түрік лирасынан шетел валютасына ауыстырудың қажеті жоқ. Өйткені, лирамен сақталатын депозит сыйақысы валюта бағамынан жоғары болмақ.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:

– Енді айырбас бағамы жоғары болады деп ешбір азаматымыздың депозиттерін лирадан шетел валютасына ауыстырудың қажеті болмайды. Валюта бағамының құбылуына байланысты баға беруде қиналған экспорттаушы компанияларымызға Орталық банк арқылы форвардтық бағам беріледі. Бағамдағы айырмашылық экспорттаушы компанияға лира түрінде төленеді.

Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені төмендету үрдісі  жалғаса бермек. Ердоғанның сөзінше, бұл жағдай бірер айдан кейін инфляцияның төмендеуіне алып келеді. Бұдан бөлек, жаңа экономикалық бағдарға сәйкес, мемлекеттік қызметкер, зейнеткерлердің жалақысы артып, шәкіртақылар жоғарылайды.

 

Хабар 24 телеарнасы