Филиппинде 400 адам дауыл құрбаны болды

Филиппинде «Рай» тайфуны құрбандарының саны артты. Соңғы ақпарат бойынша, табиғат апатынан 375 адам жапа шеккен. Тағы 500 адамның жарақат алғаны белгілі. Одан бөлек, 60-қа жуық тұрғын із-түссіз жоғалған.

Айта кеткен жөн, Филиппиндегі дауыл өткен аптада ойран салған еді. Ол биыл елде соққан ең жойқын дауыл. 4 мыңға жуық үй жермен жексен болып, 16 жарым мыңдайына нұқсан келген. Қазір жапа шеккен өңірлерде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бір ғана инфрақұрылым саласына келтірілген материалдық шығын 4 жарым миллион долларға жетіп отыр. Дауыл соққан жерлерде ауыз су тапшылығы байқала бастады. Тағы біраз ауданда жарық сөніп қалған.

Антонио, жергілікті тұрғын:

– Бізге көмек қажет. Біздің өңір табиғат апатынан ең қатты жапа шеккен аймақтардың біріне жатады. Қазір мұнда азық-түлік жетіспей жатыр. Тіпті, таза ауыз судың өзі тапшы. Кейбір жерде су белуардан келеді.

Сондай-ақ...