Германияда халықтың 30 проценті бустерлі доза алды

Германияда ревакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр.

Қазірге дейін 26 миллион адам бустерлі доза қабылдаған. Бұл халықтың үштен бір бөлігі. Жергілікті мамандар алдағы уақытта Еуропада індет қайта өршуі мүмкін деп отыр. Бұған Ұлыбританиядағы ахуал дәлел дейді. Сондықтан дерттің таралуының алдын алу үшін тұрғындарға екпе салдырып, қарым-қатынасты азайтуға кеңес берілді. Жалпы Германияда бұған дейін бустерлі дозаны жасы 70-тен асқан қарттар мен дәрігерлерге салуға кеңес етілген.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

– Біз коронавирустың омикрон түріне дайын болуымыз керек. Сондықтан жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін. Вакциналау мен бустерлі дозаны күшейту арқылы індеттің жаңа толқынына төтеп бере аламыз деп ойлаймын.