Екпе салдырмаған американдық ер адам «Омикроннан» көз жұмды

АҚШ-та омикроннан алғаш кісі өлімі тіркелді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көз жұмған ер адамның жасы шамамен 50-де болған. Ол вакцина салдырмапты. Денсаулығында кінарат болған екен. Жалпы, соңғы дерек бойынша, осы омикрон АҚШ-та басым штамға айналып үлгерген. Өткен аптада тіркелген деректердің 73 процентінде осы мутация анықталған. Ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш тіптен 90 проценттен асып кетті.

Өткен аптада омикроннан әлемдегі алғашқы кісі өлімі Ұлыбританияда тіркелген еді. Бүгінде корольдікте жаңа штамнан көз жұму оқиғаларының саны 12-ге жеткен.