Қытайдың Сиань қаласында екі жұқпалы ауру қатар тарады

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Сиань қаласында бірдей екі жұқпалы ауру тарады, деп хабарлайды Хабар 24.

9 желтоқсаннан бері мұнда коронавирустың жаңа түрімен күресіп келеді. Ал енді геморрагиялық қызба дертін жұқтырудың бірнеше дерегі тіркелді. Бұл – өлім-жітім көрсеткіші жоғары вирусты ауру. Алайда жергілікті санитарлық қызмет өкілдерінің пікірінше, ең алдымен ковид дертінің өршуін ауыздықтау керек. Геморрагиялық қызба бұл өңірде жыл сайын тіркеліп жүр, әрі коронавирустан гөрі бәсең тарайды. Сиань қаласында дельта-штаммы анықталғанан кейін, мұнда 16 миллионнан астам адам тексерілді. Соңғы мәліметтер бойынша, осы шаһарда Қазақстанның 18 азаматы тұрып жатыр. Оның сегізі – студент.