435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Францияда 182 мың жалған ковид-төлқұжат анықталды

  • 56
  • UPD: 15:47, 21.12.2021
Францияда 182 мың жалған ковид-төлқұжат анықталды

Франция полициясы биыл жаз айында ковид-төлқұжат енгізгелі 182 мың заңсыз сертификатты анықтаған, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрі Жеральд Дарманин мәлімдеді.

Өткен аптада құқық қорғау органдары жалған ковид құжатын сату бойынша 400 іс қозғаған. Шара елде коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты күшейтілген.

Айта кетейік, Франция ковид төлқұжатын алғаш рет шілде айында енгізген болатын. Рұқсат қағазы мейрамхана бар, мәдени нысандарға кіру мен халықаралық бағыттағы көліктерді пайдалану үшн талап етіледі.

Хабар 24 телеарнасы