Түркияда табиғат тосын мінез танытты

Түркияның бір бөлігін қалың қар әбігерге салса, екінші бөлігінде жаңбыр басылмай жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Нөсер салдарынан оңтүстік провинциялардағы бірнеше елді мекен су астында қалды. Жолдар мен көпірлер бүлінген. Ал шығыс өңірлерде қалың қар жатыр. Әсіресе, Муш провинциясындағы ахуал қиындау. Мұнда 60-тан аса елді мекенге қатынау мүмкін болмай тұр. Көбі электр энергиясыз қалған. Бұрқасын салдарынан ондаған көлік жолда қалып қойды.

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар жаңбыр мен қар аптаның соңына дейін басылмайтынын айтады.  

 

Сондай-ақ...