Оңтүстік Кореяда омикрон штамы тарап жатыр

Екі айдан кейін Omicron штамы дельтаны ығыстырып, Оңтүстік Кореяда вирустың бұл түрі кең таралуда, деп хабарлайды Хабар 24.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі осындай болжам жасады. Бір күннің ішінде жаңа штамды жұқтырудың 49 дерегі тіркеліп, жалпы саны 227-ге жетті. Кореяның ауруларды бақылау агенттігінің мәліметінше, Omicron штамы дельтадан үш есе жылдам тарап келеді. Астаналық аймақпен қатар коронавирусты жаппай жұқтыру елдің өзге де өңірлерінде тіркеліп отыр.

Ли Ен Соп, Кванджу қаласының мэрі:

– Үш ережені сақтау қажет. Мейрамханаларда бөлек ыдыс-аяқ қолдану керек. Екіншіден, амандасқанда қол беріп, құшақтасуға болмайды және үнемі қолды жуып тұрған жөн. Үйде де маска тағу әдетке айналуы тиіс.