Португалияда жаңа шектеулер енгізіледі

Португалияда жаңа шектеулер енгізіледі

Португалияда алдағы мереке күндері коронавирустың таралуының алдын алу үшін жаңа шектеулер енгізіледі. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Антониу Кошта мәлім етті.

Шаралар желтоқсанның 26-сынан қаңтардың 9-ына дейін қолданылады.

Жаңа ережеге сәйкес, барлар мен түнгі клубтар жабылады. Балабақшалар мен ойын-сауық орындары жұмысын тоқтатады. Дүкендерге кіретін адам саны шектеледі. Ал көшеде 10 адамнан артық жиналуға тыйым салынады.

Айта кетейік, Португалияда халықтың 88 поценті толық егілген. Бірақ осыған қарамастан соңғы уақытта вирусты жұқтырғандар қайта артып, ақпан айындағы деңгейге жеткен.

Антониу Кошта, Португалия премьер-министрі:

- Шектеулер көптеген салаға кері әсер етіп жатқанын түсінеміз. Бірақ жағдайды қазір қолға алмасақ, жаңа жалдан кейін індеттің зардабы ауыр болуы мүмкін.