Францияда вакцина паспорты енгізілуі мүмкін

Францияда жаңа жылдан бастап вакциналау төлқұжаты енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ел үкіметінің ресми өкілі Габриэль Атталь хабарлады.

Оған омикрон штамының жылдам таралуы себеп. Денсаулық сақтау министрі келтірген мәліметке сәйкес, жыл басында елде Омикрон жұқтыру деректері 50 процентке артады. Қазірдің өзінде науқастардың 10 проценті коронавирустың Омикрон штамын жұқтырған. Айта кетейін, осы уақытқа дейін Франция халқының 76 проценті екпенің екі дозасын да алып үлгерген. 

Габриэль Атталь, Франция үкіметінің ресми өкілі:

- Омикрон штаммы елімізде жылдам таралып барады. Өткен аптадағы есепке сәйкес, вирус жұқтыру деректерінің 10 проценті коронавирустың жаңа түрімен байланысты екені белгілі болды. Қазір бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Әсіресе Парижде.