АҚШ-та екі компанияның ковидке қарсы дәрісі қолданылатын болады

АҚШ-та екі компанияның ковидке қарсы дәрісі қолданылатын болады

АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы жуырда Pfizer және Merck ((МЕРК)) компанияларының коронавирусқа қарсы дәрілерін қолданысқа енгізбек.

Бұл туралы Bloomberg ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамандар Pfizer-дің «Паксловид» деп аталатын дәрісін ауруханаға жатпаған науқастарға да бермек. Ал Merck препараты «Молнупиравир» деп аталады. Клиникалық зерттеудің нәтижесі бойынша ғалымдар бұл дәрі ауыр халде жатқандардың санын азайтып, өлім-жітімді 30 процентке азайтуға қауқарлы дейді.

Айта кетейік, қарашада Ұлыбритания вирусқа қарсы Merck препаратын мақұлдаған алғашқы ел болды.