COVID-19: Германияда 10 адамнан артық жиналуға болмайды

Германияда омикронның таралуына байланысты билік шектеу шараларын күшейтті. Жаңа ереже 28 желтоқсанан бастап күшіне енеді.

Тұрғындар Рождествоны отбасымен бірге қарсы алғанымен жалпы адам саны 10 адамнан аспауы тиіс. Екпе қабылдамағандар мұражай, театр және фитнес клубтарға кіре алмайды. Бұдан бөлек желтоқсанның соңынан бастап спорттық ойындар мен мәдени шаралар жанкүйерлерсіз өтеді. Билік елде індеттің бесінші толқынын болдырмау үшін тұрғынарға жиі тексеріліп, ревакциналаудан өтуге шақырып жатыр. Қаңтардың соңына дейін 30 миллион бустерлі доза салдырып, халықты егуді 80 процентке жеткізуді көздеп отыр.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

- Омикрон бірнеше аптаның ішінде Германияда басты штамға айналуы мүмкін. Сондықтан мереке кезінде де вакциналау жұмыстары жүргізіледі. Пандемия бәрімізді қажытты. Бірақ індетті жеңу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды.