Мьянмада лай көшкінінен 100-ге жуық адам жоғалды

Мьянманың Качин штатындағы нефрит өндіретін карьерде болған лай көшкінінен 100-ге жуық адам із-түзсіз жоғалды.

Жергілікті БАҚ өкілдері 10-нан астам адам мерт болғанын хабарлайды. Билік марқұмдардың саны әлі де артуы мүмкін деп болжайды. Лай көшкінінің басталуына аймақта бірнеше күн төпелеп жауған жауын себеп болды. Қазір жоғалғандарды іздесіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кейбір апатты жерлерге мамандар жете алмай әлек.