Тарихтағы алғашқы смс-хабарлама аукционда сатылды

Францияда тарихтағы алғашқы смс-хабарлама аукционда сатылды.

120 мың теңгеге бағаланған ерекше тауарда «Рождество мерекесімен» деген құттықтау ғана жазылған. Оны 1992 жылы желтоқсанның 3-і күні Нил Папуорс есімді информатика пәнінің мұғалімі өз әріптесіне жіберген. Ал бірегей тауар жаңа қожайынына токен түрінде табыс етілді. Бәссаудадан түскен қаржы БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агенттігіне аударылды.