Иранда екі пойыз соқтығысып, 11 адам жараланды

Иран астанасы Тегеранда екі пойыз соқтығысып қалды. Оқиға Читгар ауданында болған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша теміржол көлігі шойын жолдан шығып кеткен.

Құтқарушылардың айтуынша, 11 адам жарақат алды. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында. 1 адам ауыр халде жатқаны белгілі. Мамандар зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.