434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ресейдің туризм саласы ақсап тұр

  • 70
  • UPD: 15:37, 22.12.2021
Ресейдің туризм саласы ақсап тұр

Биыл көрші мемлекетке 175 мың саяхатшы ғана барыпты. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22 есе аз.

Мұндай мәліметті Ресейдегі туроператорлар қауымдастығы жариялады. Олар биыл 4 млн шетелдік туристен қағылдық деп отыр. Әлемнің көп елі жабық болғандықтан ішкі туризмнің де жаңғырып дамуына мол мүмкіндік болған. Алайда індетке қарсы шектеулер бұған кедергі келтірген. Ал ресейлік туристердің ең көп таңдағаны Түркия болған. Бұл елге биыл 4 миллион 650 мың ресейлік барып демалыпты. Осы орайда туроператорлар келесі жылы еуропалық елдерге вакцина алу турларына сұраныс 50 процентке артады деп отыр.

Майя Ломидзе, Ресей туроператорлары қауымдастығының басшысы:

- Қазір ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік мол деп айтуға болады. Ал шетелдік туристерді қабылдау жайын нақтылап айту мүмкін емес. Себебі шектеулерден туризмнің бұл секторы қатты зардап шегіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы