Португалиялық серфер Атлант мұхитын кесіп өтті

Португалиялық кайт-сёрфер Франсиско Луфинья Атлант мұхитын кесіп өтті. Шағын ғана кайтбол деп аталатын қайықпен Франсиско сапарға жалғыз өзі шыққан. Оның бұл саяхаты өткен айда басталды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, спортшы Португалияның Кашкайш қаласынан Кариб теңізінің Мартиника аралына дейін жеткен. Жол бойы Франсиско талай қиындыққа тап болды. Десе де, жігерлі жігіт діттеген мақсатына жетті.

Айта кетейік, 2015 жылы Франсиско Луфинья кайт-серфинг бойынша әлемдік рекорд орнатқан болатын.

Франсиско Луфинья, спортшы:

 - Осы сапар арқылы өзімнің шыдамдылығым мен қайсарлығымды шыңдадым. Көп нәрсеге үйрендім. Қазір қиындыққа мүлде басқа көзқараспен қараймын. Өйткені жол бойы кедергілер көп кездесті. Қайықтағы құрылғылар істен шыққан кез болды. Десе де, бірнеше аптаны артта қалдырып Кариб аралдарына аман-есен жеттім.

Сондай-ақ...