Шетелдік демалушылар үшін Таиланд билігі ережелерді қатаңдатты

Таиланд билігі бүгіннен бастап шетелдік туристер үшін елге кіру ережелерін қатаңдатты. Оған омикронның тез таралуы себеп.

Бұған дейін екпенің екі дозасын салдырған демалушылар карантиннен босатылатын. Олардан ПТР-тест қана талап етілетін. Енді бұл ереже күшін тоқтатады. Яғни, бүгіннен бастап шетелдік саяхатшылар 7 күнге карантинге жатқызылады.

Танакорн Вангбунконгчана, Таиланд үкіметінің ресми өкілі:

– Тэст энд Го және Сэндбокс бағдарламалары уақытша тоқтатылады. Яғни, сырттан келген демалушылар карантинде болуға міндеттеледі. Тек Пхукет аралында ғана бұрынғы ережелер сақталады. Жаңа талап келер жылдың 4 қаңтарына дейін күшін жоймайды.