Оңтүстік Африка Республикасында омикрон штамын жастар жиі жұқтыруда

Басқа штамдармен салыстырғанда омикронды жұқтыру кезінде ауруханаға түсу мүмкіндігі 80 процентке төмен, деп хабарлайды Хабар 24.

Зерттеу жүргізген Оңтүстік Африка Республикасының ғалымдары осылай деп отыр. Індеттің жаңа түрін негізінен 20-30 жас аралығындағы адамдар жұқтырады. Мамандар омикронмен ауруханаға түсу дерегінің аздығы осыған байланысты болуы мүмкін, дейді. Өйткені әдетте ауру қарттарға қарағанда жастарда жеңілірек өтеді.

Айта кеткен жөн, өткен айда анықталған омикрон бүгінде әлемнің 100-ден аса елінде тіркелген.

Сарапшылардың болжауынша, алдағы апталарда бұл індет Еуропада кең таралуы мүмкін.