434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ресейде коронавирусты емдейтін МИР-19 дәрісі шықты

  • 99
  • UPD: 09:24, 23.12.2021
Ресейде коронавирусты емдейтін МИР-19 дәрісі шықты

Ресейде коронавирусты емдеуге арналған МИР-19 деп аталатын дәріні ауруханаларда қолдануға рұқсат берілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Препаратты Федералдық медицина-биология агенттігінің Иммунология институты жасап шығарған. Дәрі адам ағзасындағы вирустың көбеюін тоқтатады. Бастапқы кезде препарат ауруы орта деңгейде өтіп жатқан науқастарға беріліп, өз тиімділігін көрсеткен. Препаратты алғаш қолданған соң науқастың ағзасындағы вирустың әсері 10 мың есе азайып, халі жақсарған. Әзірге дәріні емдеу орындарында ғана қолдануға рұқсат етілген. Институт алдағы уақытта амбулаторлық жағдайдағы науқастарға да пайдалануды зерттеуге кіріспек. Осыдан кейін ғана дәріханаларда сатылымға түседі.

Хабар 24 телеарнасы