Испанияда көшеде бетперде тағу тәртібі қайта енгізілді

Испанияда көшеде міндетті түрде бетперде тағып жүру тәртібі қайта енгізілді. Шешім Еуропа елдерінде індеттің қайта өршуіне байланысты қабылданған. Корольдікте де вирусты жұқтырғандар саны арта түскен. Бірақ билік қатаң шектеулер енгізбейтінін атйып отыр. Тек тұрғындарды екпе алып, ревакциналаудан өтуге шақыруда. 

Педро Санчес, Испания премьер-министрі:

– 2020 жылдың көктемі көкейімізден кеткен жоқ. Дегенмен қазір жағдай басқа. Елімізде халықтың 90 проценті коронавирусқа қарсы вакциналанған. Ал ол кезде ешкім егілмеген болатын. Десе де тұрғындарды белсенді түрде екпе салдырып, барынша сақ болуға шақырамын.

Сондай-ақ...