Қытайдың Сиань қаласы карантинге жабылды

Қытайдың 13 миллион тұрғыны бар Сиань қаласында індеттің өршуіне байланысты бүгіннен бастап локдаун жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі шаһарда коронавирусқа қарсы халықты жаппай тексеру кезінде оқшауланған аудандардан бөлек жерлерде тұрғындардың дертке шалдыққаны анықталған. Жаңа тәртіп бойынша көшеге азық-түлік пен өзге тауарларды сатып алу үшін отбасының бір мүшесі екі күнде бір рет қана шыға алады. Тұрғындарға себепсіз қаладан кетуге тыйым салынған. Автобус станциялары жабылып, көшелерде көлік тексеретін бекеттер қойылған.