TikTok Google-ді басып озды

CloudFlare провайдері адамдар ең көп пайдаланатын желілердің рейтингін ұсынды. Интернет қолданушылары көбіне қытайлық TikTok платформасын қарайтыны белгілі болды.

Ол Google-ды трафик бойынша басып озды. Аталған іздеу жүйесі екінші орынға жайғасты. Мұны TikTok пайдаланушыларының күннен күнге артып жатқанымен түсіндіруге болады. Компанияның бас директоры Ванесса Паппас желіге айына миллиард пайдаланушы кіретінін хабарлады.

Биыл беделі түскеніне қарамастан Facebook көшбасшы-домендердің үштігін түйіндеді.

Ал ондыққа Microsoft, Apple, Amazon, Netflix, YouTube, Twitter және WhatsApp веб-порталдары енді. Өткен жылмен салыстырғанда статистика айтарлықтай өзгерген.

Еске салайық, 2020 жылы Google көшбасшы болып, TikTok рейтингте жетінші орында болған.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru

Сондай-ақ...