Англияда омикрон штамымен ауруханаға түсетіндер көп емес

Коронавирустың омикрон түрін жұқтырғандардың дельта штамына шалдыққандарға қарағанда ауруханаға түсу көрсеткіші 45 процентке аз, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұны Лондон империялық колледжі ғалымдарының зерттеуі көрсетіп отыр. Шара желтоқсанның 1-і мен 14-і аралығында Англиядағы ауруханаларға түскен науқастарды бақылау арқылы жүргізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Африкада да қазан-қараша айында зерттеу жүргізіліп, омикронға шалдыққандар өзге штамдарды жұқтырғандарға қарағанда ауруханаға 80 процентке аз түскені анықталған болатын.