Австралиядағы штатта ғимаратта маска тағу міндеттелді

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында ғимарат ішінде маска тағу қайта міндеттелді.

Жаңа қаулы Омикронның жылдам таралуы мен коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты қабылданған. Бұдан бөлек жергілікті билік мекемелердегі адам санына да шектеу қойды. Айта кетейін, Австралияда қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны бойынша жаңа рекорд тіркелді. Өткен тәулікте 8 мыңнан астам адам науқас деп танылды.