Германияда ауа райының қолайсыздығынан 50 көлік соқтығысты

Жол апатынан алты адам зардап шегіп, олар ауруханаға жеткізілді. Осыған ұқсас оқиғалар елдің өзге өңірлерінде де болған.

Германияның Амберг қаласына жақын маңда мұзды жаңбыр салдарынан жаппай жол апаты болды. Бұл туралы BILD газеті хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жол апаты А6 шоссесінде тіркелген, жол толықтай жабылған.

Оқиға салдарынан алты адам жарақат алып, олар ауруханаға жеткізілген.

«Мұзды жаңбыр Жоғары Пфальцқа жауған. Сондықтан әріптестеріміз оқиға орнына әрең жетіп жатыр», – дейді жергілікті полиция өкілі.