АҚШ-тың Чикаго қаласында атыс болды  

АҚШ-тың Чикаго қаласындағы сауда орталықтарының бірінде қаруланған бірнеше адам атыс ашты. Қаскөйлер бір-біріне оқ жаудыра бастаған. 

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиғадан жақын маңда жүрген 4 адам түрлі жарақат алды. Дәрігерлер олардың өміріне еш қауіп жоқ екенін айтады. Полиция қызметкерлері бір күдіктіні қолға түсірді. Екіншісі ізін суытып үлгерген.

Олардың бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды.