Боливияда тасқынның екпіні үдеп барады, билік шарасыз отыр

Боливияда бірнеше күн бұрын басталған тасқын әлі басылар емес. Қайта үдеп барады.

Ел астанасы Ла-Пас маңында көпір мен ондаған үйді шайып әкетті. Баспанасынан айырылған тұрғындар жатқан мектеп ғимараты да қирағалы тұр. Оның үстіне метеорология орталығы өзендердің су деңгейі көтеріліп жатқанын хабарлады. Билік зардап шеккендерге лайықты көмек көрсете алмай отыр.

Бұған дейін алапат тасқын салдарынан 8 адамның ажал құшқанын хабарлаған болатынбыз.

Селиа Мамани, зардап шегуші:

– Бұл аймақта табиғи апаттан зардап шекпеген отбасы кем де кем шығар. Бізді мына мектепке әкеліп, орналастырды. Су бұл ғимараттың да іргесін шайып жатыр. Өте қорқынышты!