Бангладеште паром өртенді: 30 адам көз жұмды

Өрт басталған кезде паромда 500-ден астам жолаушы болған. Солардың 70-ке жуығы ауруханаға жеткізілді.

Бангладештегі MV Abhijan-10 паромында болған өрттен кем дегенде 30 адам көз жұмған. Тағы 100-ден астам жолаушы жарақат алған. Су көлігінде 500-ден астам адам болған, деп хабарлайды жергілікті BNO News басылымы.

Оқиға жұма күні, 24 желтоқсанда, түнгі 03:00 шамасында болған. Паром Джалокати ауданындағы Суганда өзенінде отқа оранған.

Салдарынан 70-тен астам адам ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар көз жұмғандар саны әлі де артуы мүмкін екенін болжап отыр. Із-түзсіз жоғалғандар саны белгісіз.

Өртке не себеп болғаны анықталып жатыр.