Таиландта пілге мінген Санталар жаңажылдық сыйлық таратты

Таиландта пілге мінген Санталар балаларға жаңажылдық сыйлық таратты.

Олар бастауыш сынып оқушыларына тәттілер, шар, бетперде және, қолды зарарсыздандыратын заттар үлестірген. Негізі алып жануарлардың қатысуымен өтетін бұл іс-шараның ұйымдастырылып келе жатқанына 20 жылдан асқан. Тек пандемияда үзіліп қалды. Бірнеше ай сабақты онлайн оқып, мектепке енді келе бастаған балалар үшін бұл шын мәнісінде қызықты науқанға айналды.

Бейафа Монсуан, оқушы:

– Өз қолыңмен пілдердің тұмсығынан сыйлық алу өте қызық. Қуанышымда шек жоқ. Өйткені алып жануарға мінген Санталар тек біздің мектепке ғана келеді.