Омикронның ушығуына байланысты 200 рейс кейінге қалдырылды

АҚШ-та омикрон штамының ушығуына байланысты Жаңа жыл қарсаңында ұшатын 200-ден астам рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы Американың екі бірдей әуе компаниясы мәлімдеді.

Юнайтед Эйрлейнс пен Дэльта Эйрлейнс компанияларының басшылары бұл шешім жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қамы үшін қабылданғанын айтады. Қазір компания қызметкерлері жолаушылармен байланыс орната бастады.