Бангладештің оңтүстігінде ел астанасы Даккаға бағыт алған паром отқа оранды, қазір құрбан болғандар саны 38-ге жеткен, деп хабарлайды Хабар 24.
Соның салдарынан 38 адам опат болды. 50 азамат түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Тағы бірнеше кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Белгілі болғандай, өрт кеменің машина бөлімінде шыққан. Оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі оқиға кезінде бортта мыңға жуық жолаушы болған.