Жапондар гибрид-көлік ойлап тапты

Жапондар автобустың да, пойыздың да қызметін атқара алатын көлік ойлап тапты.

Жоба авторларының айтуынша, ол тас жолмен де, шойын жолмен де жүре алады. Тексерістің де сан түрінен өтті. Дәл бүгіннен бастап Токусима және Коти префектуралары арасында қатынай бастайды. Сыйымдылығы аз да емес, көп те емес - 23 жолаушы. Әзірге мұндай көліктің үшеуі ғана жасалған.