Әуе компаниялар қызметкерлеріне ковидтің жұғуынан жолаушылар жолдан қалды

Дәл Рождество алдында омикронның кесірінен мыңдаған еуропалық пен американдықтар жолдан қалды. Себебі германиялық «Люфтганза» мен американдық «Дельта Эйрлайнз» және «Юнайтид эйрлайнз» әуе компаниялары көптеген қызметкерлерінің дерт жұқтырғанын айтып, мереке кезінде көп рейс болмайтынын хабарлады. Осы уақытқа дейін 3 мыңнан аса ұшақ сапарға аттанбай қалған.

Кейша Харт, жолаушы:

- Өткен түні жаңалықтардан әуе рейстері болмай жатқанын есітп, үйге қайта алмай қаламыз ба қатты алаңдадық. Рейсімізді қайта-қайта тексеріп әйтеуір ұшағымыз жолға шығатын болып қатты қуандық.

Ал Еуропа елдері індеттің қайта өршуіне байланысты шектеулерді қатаңдатып жатыр. Кеше Италия мен Испания билігі көшеде бетперде киіп жүруді міндеттеді. Германияда келесі сейсенбіден бастап 10 адамнан артық жиналуға тыйым салынып, футбол ойындары жанкүйерлерсіз өтетін болды. Ал Португалияда ертеңнен бастап жалпыұлттық карантин күшіне енеді.