АҚШ-та көктайғақтан 1 адам қаза тапты

Лос-Анджелесте көктайғақ. Жауыннан кейін 8 көлік қақтығысып, 1 адам опат болды. Алтауы жарақат алды. Тағы бірнеше жолаушы көліктің ішінде қалып қойып, құтқарушылар әзер шығарған. Апат шаһардың қақ ортасында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығынан рульге ие бола алмай қалса керек.

Ал Құрама Штаттардың батыс бөлігінде боран соғып, күн күрт суытты. Сьерра-Невада тауларына түскен қардың қалыңдығы үш метрге дейін жетті. Жергілікті билік тұрғындарға асуға шықпауға шақырып жатыр. Әзірге жол апаттары болмаған. Бірақ жүргізушілер қалың қардан қатынас қиындағанын айтады.