Сан-Францискода роботтар ғимараттарды вирустардан тазартады

Коронавируспен ғалымдар, дәрігерлер ғана емес роботты техника мамандары да күресіп жатыр.

Сан-Франциско өнертапқыштары ауруханалар мен кеңселерді вирустан арылтатын робот ойлап тапты. Ол өздігінен жүре отырып, дезинфекция жасайды. Бұл әсіресе кеңселер үшін аса қажеті. Өйткені омикронға байланысты көп жерде жұмыс тоқтап қалған. Дегенмен, мұндай роботты екінің бірі сатып ала алмайды. Қымбат. Бағасы 70 мың доллардан асады. Сол себепті ковидқа қарсы тұрар темір-батырды сатып алуға әзірге тек үлкен компаниялар тапсырыс берген.

Тра Ву, компанияның бас операциялық маманы,  өнертапқыш:

- Бұл робот ковид пен індеттің өзге де штамдарын бір секундта анықтайды. Және оны 99 проценттік дәлдікпен жоюға болады. Бұған сенімдіміз. Бұл әсіресе кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлердің еш алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы дүние.