Германияда мұражайлар екінші жыл қатарынан қаңырап тұр

Германия мұражайлары екінші жыл қатарынан қаңырап тұр.

Ара-тұра болмаса, кісі көп келмейді. Егер елде пандемияға дейін жылына орта есеппен 111 миллион билет сатылса, былтыр сатылым 70 процентке азайды. 6 мыңнан аса мұражай арасында жүргізілген сауалнама осыны көрсетті. Биылғы жылдың ақпараты әлі жарияланған жоқ. Бірақ сарапшылар егер жыл басында локдауннан мұражайлар мен көрмелер жабылып, шетелдік туристердің азайғанын ескерсек, биыл да шығын көп. Айта кетейік, биыл Берлин мұражайларына көрермен тарту үшін қаладағы 60 мәдени нысанға, айына бір рет тегін кіру күні ұйымдастырылады.

- Мұражайларға келуші аз. Бірақ бұған да шүкір. Көрмені көруге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Пандемиядан кейін бұл мәдни орындардың маңызы арта түсті.

- Шектеулер алынған соң мұражай, театр, операларға жиі баратын болдым. Себебі локдаун жарияланса оларды қайта жауып тастай ма деп қорқамын. Мұражайға аптасына бір рет барып тұрамын.