Италияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Италияда кейінгі бір күнде 50 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, ең жоғары тәуліктік көрсеткіш тіркелді. Бұл туралы Италияның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Елде бір күнде 930 мың адам ПТР-тест тапсырып тексерілген. Бұған дейін Италия билігі індеттің өршуіне байланысты көшеде бетперде тағып жүру тәртібін қайта енгізді. Жаңа жылда жаппай мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынып, би алаңдары мен түнгі клубтар 31 қаңтарға дейін жабылды.