БҰҰ дауылдан зардап шеккендерге 107 млн доллар бөлуді сұрады

БҰҰ Халықаралық қауымдастықтан Филиппинде «Рай» дауылынан қатты зардап шеккен аудандарға көмек ретінде 107 миллион доллар бөлуді сұрады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қаржы Карага мен Шығыс Висайяның 530 мыңдай адамына алдағы 6 ай бойы қолдау көрсету үшін жұмсалады. Желтоқсанның 16-сы күні Филиппиннің 6 аймағында «Рай» дауылы соғып, 300-ден астам адам опат болды. Тағы 600-ден аса тұрғын жарақат алды. Табиғат апатынан 200 мыңға жуық үй қирап, 630 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.

Лорна, тұрғын:

– Рай дауылы жақындағанда бізді мектепке эвакуациялады. Дүлей желден кейін бірден үйге қайта оралдық. Бірақ қатты дауыл баспанамызды түк қалдырмай талқандап кеткенін көрдік.