Австрияның экс-канцлері АҚШ-та жұмыс істейтін болады – БАҚ

Австрияның экс-канцлері қаңтардың соңында АҚШ-қа кетеді. Ол сол жақтағы жеке компаниялардың біріне жұмысқа тұрған, деп хабарлайды Хабар 24 ТАСС-қа сілтеме жасап.

Католик Рождествосының алдында саясаткер жеке фирмалардың бірімен келісімшартқа отырған. Ол енді инвестиция саласында жұмыс істейтін болады. Басылым беттерінде Курцтың болашақ жылдық табысы 500 мың евроға бағаланып отырғаны жазылды. Бірақ компания атауы көрсетілмеді.

Ол көп уақытын отбасымен бірге АҚШ-та өткізеді, арасында Австрияға келіп тұруға ниетті.

Экс-канцлер 2 желтоқсанда саясаттан түпкілікті кететінін мәлімдеді. Себастьян Курц сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу аясында канцлер қызметінен кеткен еді.

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...